» » БАЛА БОЛАШАҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛА БОЛАШАҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Дәстүрлі ата-аналар жиналысы көптеген мәселені шешуге оңтайлы жол ашады. Десе де, сынып жетекшісі мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасына бірқатар қиындық туындатады екен. Себебі, педагогтерге жүктелетін жұмыстың көп болуы, сайып келгенде, бұл ата-аналардың мектеппен қарым-қатынас орнатуына әсер етеді.
«Бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясының» дәстүрлі ата-аналар жиналысынан ерекшелігі, бұл жас ұрпақты инновациялық біліммен және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталған. Әрі түрлі тақырыптарды қамтитын жаңа формат. Осыған орай Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мағыналы бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп, ақпараттар берілді. Жиынның мақсаты – ата-аналарға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыру, интернет тəуелдігінің алдын алу, бала тəрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығын түсіндіру. Жиналыста мектеп психологтары ата-аналардан сауалнама алып, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Аталған оқу ордасының басшысы Гүлзира Мұратбекқызы бұл шараның негізгі мақсаты – мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және ата-аналар қауымдастығының арасындағы бірлік, осы бірліктің арқасында мектепке жаңадан қадам басқан оқушыларға педагогикалық, психологиялық кеңес беру екенін жеткізді. Сондай-ақ, конференция барысында «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет», «Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу», «Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу», «Отбасылық құндылықтарды нығайту», «Балаға мектепке оқуға бейім­делуге тиімді көмек шаралары туралы», «Нейро-психофизиологтердің болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұстанымдары», «Баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етіңіз» сияқты маңызды тақырыптар маңайында мамандардың пікірі айтылды. Сонымен қатар, бала тəрбиесіне байланысты құнды пікірлер мен тұшымды ойлар білдірілді.
Айнұр АЙДАР,
«Қармақшы таңы».
11 қыркүйек 2018 ж. 1 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031