» » Жадыңызда жүрсін

Жадыңызда жүрсін

Пернетақтаны қалай оңай тазалауға болады, қайшыны қайрау жолы қандай, былғары сөмкенің жағымсыз иісін қалай жоғалтуға болады және тағы басқа да сұрақтардың жауабын төменнен оқыңыз.
  • Клавиштердің арасына жиналған ұсақ қоқымды стикердің көмегімен алуға болады. Ол үшін стикердің жабысатын жағын қолданыңыз.
  • Егер еденге әлдебір ұсақ затты түсіріп алсаңыз, оны табу сіз ойлағандай қиын емес. Шаңсорғыштың ауызына капрон шұлықты кигізіп, еденнің шаңын сорғызыңыз. Жоғалтқан кішкентай түйме де оңай табылады.
  • Өтпей қалған қайшыны қайрау үшін әйнек ыдыстың сыртынан жаймен қайшылаңыз. Қайшының жүзі өткірлене түседі.
  • Былғары сөмкені жағымсыз иісінен арылу үшін шұлыққа біраз ас содасын салып, сөмкеге салып қойыңыз. Бір түнде-ақ жағымсыз иістен тазарады.
  • Егер шланг болмаса, суды шелекке не үлкен ыдысқа төмендегілей құюға болады.
  • Егер ас бөлмеге шіркей, ұсақ шыбындар қаптап кетсе, еш уайымдамаңыз. 400 мл суға 30 мл арақ пен ыдыс жууға арналған сұйықтықтан 3-4 тамшы тамызып, араластырыңыз да, осы сумен шіркейлер көбірек шоғырланған жерлерді сүртіп шығыңыз. Шіркейлер тез-ақ жоғалып кетеді. 
  • Аяқкиімдерді капрон шұлықпен тазалап көріңіз. Әсіресе, күдері (замшевый) аяқкиімдердің шаңы мен кірі оңай тазарады.
13 тамыз 2018 ж. 1 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930