Түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен бірлесіп, қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық-профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында, 2026 жылғы 11 қарашадағы №73-нқ бірлескен бұйрыққа сәйкес ұйымдастырылды.
Жұмыс тобы дәмхана, мейрамхана және фаст-фуд орындарының кәсіпкерлері мен қызметкерлеріне санитариялық қағидалар талаптарын сақтау және тағамнан уланудың алдын алу мәселелерін түсіндірді.














