«Есірткісіз болашақ: қоғам үні»

Ертеде медицинада құтқару үшін пайда болып, қазіргі кезде адам өмірін құртатын,тіпті ғасыр дертіне айналған мәселенің шешімі табылар емес. Есірткенің түрі де, таралу жолы да сан алуан. Оның да қауіп-қатері өте көп. Есірткенің түрі және таралу жолы сан алуан болады. Оның зардабы өте көп болады.Нашаға уланғандардың ағзасы әлсіздікке душар болып, адам ретінде толықтай денесі нашарлап құлдырай бастайды. Ол адамгершілік, мейірімділік, адалдық, үлкенді сыйлау, кішіге көмектесу, қоғамдағы болмысы күйрей бастайды. Адамның есте сақтау қабілеті, мінез-құлқында өзгешілік болады.
Есірткенің салдарынан түрлі қылмысқа барады. Олардың көбісі абақтыда немесе адам өліміне алып барады. Жастардың көбісі есірткенің шырмауынан шыға алмай жүр. Елдің экономикасын,руханият дамуы, мемлекеттің болашағын жастарға сенім білдіреді. Есірткенің салдарына адам оқуын да, жұмысын да тастайды. Бұл тек тәуелді адамның ғана емес, құқық қорғау органдардың проблемасы болып тұр. 21-ғасырдың ең қорқынышты індеті болып тұр.
Көбіне жастар осы затты білместіктен барады. Жан-жағындағы достары, әлеуметтік ортасындағы адамдары дұрыс болса. Адам ондай жолға бармайды деп ойлаймын. Қоғамның әрбір мүшесі «Біз болашақ ұрпаққа қандай қоғам қалыптастырамыз» деген ой туындаған дұрыс деп ойлаймын.
Салауатты өмір салтын ұстанайық, спортпен шұғылданайық. Адамға ең қымбат нәрсе ол өз өмірін. Өмірін өз қолында. Ғасыр індетіне бірігіп барлығым күресейік дер едім.
Салматов Ерназар,
№121 мектептің 10 «Б»сынып оқушысы












