» » Қазақ тіліндегі үздік ІТ жобалар анықталды

Қазақ тіліндегі үздік ІТ жобалар анықталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін қолдануға арналған IT өнімдер» атты облыстық байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ тілін күнделікті өмірде және цифрлық ортада қолдануға мүмкіндік беретін инновациялық жобаларды қолдау, жастардың IT саласындағы әлеуетін арттыру және мемлекеттік тілдегі технологиялық өнімдердің санын көбейту.

Байқауға жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушылары, сондай-ақ IT мамандары қатысты. Олар қазақ тілін үйренуге, қолдануға, дамытуға және насихаттауға бағытталған технологиялық жобалары мен тың идеяларын таныстырды.
Іс-шараны Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Каюпов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдегі заманауи IT өнімдерді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазылар алқасы жобалардың өзектілігі мен жаңашылдығына, практикалық маңызына және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қосатын үлесіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Qaz Standart» тобы иеленді. ІІ орын «Qadam» тобына, ал ІІІ орын «Teketires» тобына бұйырды. «QazaqTube 1», «QazaqTube 2», «Qazaq MonkeyType», «GylymHUB» және «Sauatty zamandas» топтары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды. Облыстық байқау жастардың шығармашылық және технологиялық ізденістеріне қолдау көрсетіп, қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі мүмкіндіктерін кеңейтуге және мемлекеттік тілдегі отандық IT өнімдерді дамытуға серпін берді.
09 қараша 2026 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 282
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 438

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30