ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Аудан әкімінің тапсырмасымен Қармақшы ауданы әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық білім бөлімі және мекеме басшыларының қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасында жиі орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шаралар аудан көлемінде тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Рейд барысында саябақтар, дүкендер, компьютерлік клубтар, аллеялар және жастар көп шоғырланатын басқа да орындар араланды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруіне тыйым салынатыны жөнінде ескертулер берілді.















