ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Аудан әкімінің тапсырмасымен Қармақшы ауданы әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық білім бөлімі және мекеме басшыларының қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасында жиі орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы рейдтік іс-шаралар аудан көлемінде тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл рейд жұмыстары ауданға қарасты барлық кент және ауылдық округтерде жүргізіліп, саябақтар, дүкендер, компьютерлік клубтар, аллеялар және жастар көп шоғырланатын басқа да орындар араланды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.















