» » ЖҮРЕГІМНІҢ ТӨРІНДЕСІҢ, ОТАНЫМ

ЖҮРЕГІМНІҢ ТӨРІНДЕСІҢ, ОТАНЫМ

Республика күні – халқымыздың егемендікке ұмтылған асыл арманының жүзеге асқанын айғақтайтын, ұлттық рухымызды көтеріп, елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке.
Мерекеге орай Ақай ауылындағы №99 орта мектепте патриоттық рухтағы көптеген іс-шара өткізілді. Атап айсақ, 5-9-сынып оқушылары арасында «Қазақстан – жүрегімнің төрінде» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Жас ұрпақ бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, қазақ ақын-жазушыларының отты жырларын дәріптеу мақсатында өткен байқауға 20-дан астам жас өрен қатысты. Олар сахна төрінде туған жер, Отан және елдік туралы шығармаларды шеберлікпен, жүрекке жеткізе оқып, көрермендерге жылы әсер сыйлады. Байқау нәтижесінде І орынмен 8 «а» сынып оқушысы Әбілмансұр Бердәлі, ІІ және ІІІ орынмен 8 «ә» сынып оқушылары Аруназ Мырзағали, Жұлдызай Еребаева, сондай-ақ 8 «б» сынып оқушысы Айкүміс Қожабергенова марапатталды.
10-11-сынып оқушылары арасында (БӘД) пәні мұғалімінің ұйытқы болуымен «Тәуелсіз елдің ұландары» тақырыбында сайыс сабақ өтіп, онда шәкірттер өздерінің білімін, тапқырлығын, шапшаңдығын және ұйымшылдығын көрсетті. Бес түрлі бағыт бойынша сынға түсіп, білімдерін сарапқа салды. Әр кезеңде қатысушылар белсенділік танытып, білімдері мен қабілеттерін көрсете білді. Аталған іс-шара оқушылардың бойында жауапкершілік, тәртіп, бірлік пен достық қасиеттерін дамытуға, Отан алдындағы азаматтық борышын түсінуге септігін тигізді. Сонымен қатар мектеп кітапханасында «Менің республикам» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Кітап көрмесінде оқушылар Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, ел жетістігі мен ұлттық құндылығы туралы мағлұмат алды.
Одан бөлек, атаулы күнге арналған мектебіміздің барлық сыныбында «Республикам – мақтанышым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Онда мерекенің тарихи маңызы, Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясы, Мемлекеттік рәміздер, Отан жайлы ақпараттар берілді.
Қымбат БЕРДЕШ
27 қазан 2026 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 167
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 362

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031