» » Полиция қару иелеріне тексеру жұмыстарын күшейтті

Полиция қару иелеріне тексеру жұмыстарын күшейтті


Қызылорда облысы аумағында 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – заңсыз сақталған және заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды анықтау, азаматтық және қызметтік қарулардың сақталуы мен пайдаланылуына бақылауды күшейту, сондай-ақ қаруға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл жұмыстар қоғамдық тәртіпті нығайтып, қарудың заңсыз қолданылуынан туындайтын қауіптердің алдын алуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша 600-ге жуық тексеру жүргізді. Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 18 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаруды тасымалдау және тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін 11 қару иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар ресімделді.

Полиция департаменті азаматтарды қаруды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қару иелерінің белгіленген талаптарды орындауы – заң мен тәртіпті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың тыныштығын сақтауға маңызды үлес қосады.

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.
09 қыркүйек 2026 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 098
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031