» » «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық іс-шара өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық іс-шара өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, қауіптің алдын алу мақсатында тұрғын үйлердің терезелеріне арнайы қорғаныс бекіткіштері орнатылды.
Талдаулар көрсеткендей, балалардың терезеден құлауы тұрмыстық жағдайда жиі кездесетін жарақаттану себептерінің бірі болып қалып отыр. Әсіресе жаз мезгілінде терезелердің жиі ашық болуы қайғылы оқиғалардың туындау қаупін арттырады. Ең жоғары қауіп тобына 2–5 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл жастағы балалар ашық терезенің және маса торының қауіпсіз еместігін толық бағалай алмайды.
Жыл басынан бері еліміз бойынша балалардың терезеден құлауының 169 дерегі тіркеліп, оның 14-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұндай оқиғалардың негізгі себептері – балаларды қараусыз қалдыру, терезелерге еркін қолжетімділік және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.
Профилактикалық іс-шара барысында ата-аналарға балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау, жиһаздарды терезе маңына орналастырмау, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және маса торына сүйенудің қауіпті екені түсіндірілді.
Қызылорда облысы Полиция департаменті мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
01 тамыз 2026 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 829
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930