Құрылтай
» » «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

2026 жылғы 11-16 шілде аралығында Жосалы стансасындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық ісшарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – теміржол көлігі объектілерінде жол көлік оқиғаларының деңгейін төмендету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу және жылжымалы құраммен азаматтарға зиян келтірудің жолын кесу.
Профилактика барысында көліктегі полиция қызметкерлері теміржол өткелдерінде, вокзал маңындағы автомобиль жолдарында және қызмет көрсету аумағында алдын алу шараларын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударды. Сонымен қатар жолаушылар пойыздарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
Құрметті азаматтар, жол қозғалысы ережелерін сақтап, теміржол өткелдерінен өту кезінде сақтық танытыңыздар. Жолаушылар пойыздарында қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын орындау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қауіпсіз жол – қауіпсіз сапардың кепілі!
Жосалы стансасындағы көліктегі полиция бөлімшесі
18 шілде 2026 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 498
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 987

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031