» » Жүрекке күтім: МӘМС аясындағы көмек

Жүрекке күтім: МӘМС аясындағы көмек




17 мамыр – Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні. Бұл - әлемде кең таралған жүрек-қан тамырлары ауруларының бірі. Арал ауданының тұрғындары МӘМС жүйесі аясында кардиологиялық көмекті уақытылы әрі толық көлемде алуда.
Бүгінде Арал ауданында 11 мыңнан астам адам қан айналымы жүйесі ауруларымен диспансерлік есепте тұр. Солардың бірі - Жанар Мырзалиева. Тұрғын артериялық қысымының күрт көтерілуіне байланысты аудандық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілген.
- Қан қысымым 200-ге дейін көтерілді. Жедел жәрдем дер кезінде ауруханаға жеткізді. Қазір денсаулығым жақсарды. МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын, қажетті емді толық көлемде алып жатырмын, - дейді пациент.

Арал қаласының тұрғыны Нұрлан Сембаев көп жылдан бері дәрігерлердің бақылауында. Ол әр алты ай сайын күндізгі стационарда ем қабылдайды. Осы уақыт аралығында ер адамға бірқатар жүрек оталар жасалды.
-  Жүрек саулығы үшін күресіп жүргеніме жиырма жылға жуықтады. Алдымен жүрек қақпақшасы ауыстырылды, кейін жылдар өте кардиостимулятор орнатылды. Дәрігерлердің тұрақты бақылауындамын. МӘМС арқасында қажетті тексерулер мен ем-дом қолжетімді, -деді пациент.

Мамандардың айтуынша, артериялық гипертонияны бекерге «үнсіз жау» деп атамайды. Себебі бұл ауру көп жағдайда белгілерсіз өтіп, ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігінің алдын алу үшін артериялық қысымды үнемі бақылап отыру маңызды.
- Бізге түсетін пациенттердің басым бөлігінде артериялық гипертония диагнозы бар. Олар шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ МӘМС жүйесі аясында жоспарлы медициналық көмекті алады.Стационарда эхография, артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу және холтерлік мониторинг тексерулері жүргізіледі. Барша тұрғындарға айтар кеңесіміз - денсаулыққа мұқият болып, қан қысымын тұрақты түрде бақылау, - деді Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Айнұр Есенгелдіқызы.
12 мамыр 2026 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 669

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031