» » Емдеуден гөрі алдын-алу әрқашан жақсы

Емдеуден гөрі алдын-алу әрқашан жақсы

Тереңөзек кентінің тұрғыны Алтынбек Досжанов бірнеше рет транзиторлық ишемиялық шабуылға (бұдан әрі – ТИШ) ұшырады. ТИШ-инсультқа ұқсас шабуыл, бірақ бірнеше минутқа созылады және ешқандай нәтиже қалдырмайды. ТИШ ескерту ретінде де, инсульттің алдын-алу үшін де мүмкіндік береді. Сондықтан учаскелік дәрігер Алтынбекті Сырдария аудандық ауруханасының күндізгі стационарына емделуге жібереді.
«Міне, 10 жылдан астам уақыт бойы «2 типті қант диабеті», «эпилепсия», «артериялық гипертензия» аурулары бойынша есепте тұрамын. Кәсіпкермін, ай сайын МӘМС-ке жарна төлеймін. Сақтандырылған азаматтарға қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер қолжетімді болғанына қуаныштымын. Дәрігердің жолдамасымен МРТ-дан өттім, қажетті талдауларды тапсырдым», - дейді пациент.
Күндізгі стационар дәрігері Қайрат Ермановтың айтуынша, уақытылы тексеріліп, емдеудің арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлімі төмендеуі байқалады.
«Көбіне бізге «артериялық гипертензия» диагнозы бар пациенттер келіп түседі. Олар жылына екі рет емделеді. Барлық процедуралар, дәрі-дәрмектер тегін. Төсек орындары көбейтілді. Оның ішінде, 20-сы күндізгі стационарда. Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен оң өзгерістер байқалады», - деп атап өтті Қайрат Ерманов.
Айта кетейік, МӘМС аясында жыл басынан бері Сырдария ауданы бойынша 80-нен астам тұрғын күндізгі стационарда ем қабылдаған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

29 наурыз 2021 ж. 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930