Сапа керуені: Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты

Қызылорда облысында асфальт-бетон зауыттары өндіріс көлемін ұлғайтты. Бүгінде өңірде 20-дан аса кәсіпорын жол жабындысын шығарады. «Сапа керуені» жобасы аясында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандары БАҚ өкілдерімен бірге зауыттардың жұмысымен танысып, бақылау жүргізді.
Аймақта жол құрылысы қарқын алып, асфальт-бетон зауыттарда қазір қайнаған тірлік басталды. Соның бірі, «УАД» ЖШС өндіріс орны. Алып компания италяндық технология бойынша асфальт шығарады. Мұнда битумға араласқан қиыршық тас 160 градуста қайнап, автоматтандырылған қондырғылар арқылы сапаны арттыратын түрлі химикаттар қосылады. Ал зауыттан шыққан ыстық асфальтты жүк көліктері лезде құрылыс аумағына әкетіп жатыр.
- Бізде асфальт тек ыстық күйде барады. Оны жинап қойып ертесіне апараалмайсың. Нормативтік талапқа сай өзінің белгілі температурасы бар. Зауыттан 160-155 градуспен шығарамыз. Жол салатын аумаққакемі 150 градусс ыстықта жетуі тиіс. Қазір жұмыс ауқымы өте көп. Күніне мың тоннадан аса асфальт шығарып жатырмыз. Біз бұған дайын болдық. Қыстай қажет шикізатымызды жинап,үлкен қордайындап қойғанбыз,- дейді «УАД» ЖШС өндірістік учаске басшысы Алмас Қалиев.
- Бізде украиналық зауыт қойылған. Тәулігіне 1500 тоннаға дейін ыстық асфальт жіберіп жатырмыз. Компания қазір аймақтағы жол саласына қатысты ірі жобаларды жүзеге асыруда. Өндіріс учаскесінде 20 адам еңбек етеді. Негізгі қондырғылардың басым бөлігі автоматтандырылған. Біздің операторлар тек жұмыс процесін бақылап отырады. Егер қандай да бір олқылық болса компьютерден анықтап, кемшілік түзетіледі. Жалпы сапалы асфальт өндіру үшін барлық қоспалар белгілі бір мөлшерде беріліп, сапасы қадағаланып отырады- дейді«Қыран» ЖШС асфальт-бетон зауытының басшысыРуслан Жүргенов.
- Облыс бойынша барлығы 23 асфальт-бетон зауыты бар. Соның 12-сі қалада. Жыл басынан бері барлық өндіріс орындарына қадағалау жұмыстарын жүргізіп шықтық. Тексеріс барысында аз-кем ескертулер болды. Бірақ, қазіргі таңдазауыттар олқылықтарды түзеп,талапқа сай жұмыстарын істеп жатыр. Тіпті, асфальт құрамына қосатын қоспалардыбірінші орталық мамандары зертханада сынамадан өткізіп, оң қорытынды бергеннен кейін өндірісте қолданып жатыр. Бұл сапаның кепілдігі, - дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ҚОФ бөлім басшысы Ержан Усманов.















