» » МЕН ТАҢДАҒАН КІТАП

МЕН ТАҢДАҒАН КІТАП

Білім – сарқылмас байлық. Пенденің білім жолында жасаған еңбегі – оның жеткен жетістігі. Әр адамның қол жеткізген ұлы игілігі – білімі. Ал білімнің кілті – кітап. Ғ.Мүсірепов «Кітап таңдап оқи білу, алған әсеріңізді өмірде қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі» деген екен.
Расымен, кітап оқу – ең керемет әлемге қадам басу тәрізді. Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Кітап арқылы ой-өрісің кеңейіп, адамның қоғамға деген көзқарасы өзгеріп, өмірге деген сезімі асқан қызығушылықпен өрбитіні сөзсіз.
Әр кітап – өзінше бір керемет дүние. Мен білімге, құштарлықпен қоса кітап оқуға деген қызығушылығымның арқасында көптеген кітаппен таныстым. Ш.Мұртаза «Ай мен Айша», Ш.Айтматовтың «Жәмила», Т.Жұртбай «Бір уыс жусан», З.Шүкіровтің «Қиын түйін», тағы басқа кітаптар. Осы кітаптардың арасынан «Менің сүйікті кітабым» санайтын Ертай Айғалиұлының «Қара жапырақ» кітабы. Бұл шығармада 13 жасар мүгедек қыз Раушанның өмірге деген талпынысы, экологиядан қанша адамның зардап шегуі, бір отбасының түгелдей өмірден өтуі жайлы баяндаған. Менің қатты жүрегіме әсер еткені сол бала ұзақ өмір сүргенде елімізде мықты жазушылардың қатарына қосылар еді деген ой. Алайда кейіпкер ауру салдарынан ажал құшағында кете барды. Жазушының осы кітабы секілді пәк сезімді бейнелейтін, оқырманның сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттырарлық кітаптар жарық көрсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Өйткені, кітаптың мәні, маңызы зор болуы – басты мақсат. Ал мәнді кітап көп болса, оқырман көбейеді. Кітаптың құдіретін өткен ғасырдың шыңын бағындырған талай тұлға, даналар мен ғалымдар да дәлелдеген. Кітапты тақтан да қымбат санаған.
Менің байлығым, барым, ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін қазынасың. Есесіне ештеңе де сұрамайсың. Ақылы тасқан данасың, ал ішінде тұнған әлемнің ең кереметі жасырылған. Бейне бір «Мені оқы, мені таны, мені біл» деп оқырманды шақыратындай. Әркез санаға рухани тыныштық беріп, сабырға шақыратын да өзіңсің. Өскелең ұрпаққа «кітаптан асқан байлық, кітаптан асқан асыл қазына жоқ» дей келе, кітапхана – кітап пен даналықтың иісі қатар сезілетін білім мен шығармашылықтың, руханияттың қасиетті шаңырағы. Ал кітапханашылар осы мәдени орданың сақшысы, кітап пен оқырманның арасын жалғастырушы құрметке лайық маман иелері.
«... Өткеннің аманат сәлемі,
Өзгеше сәулелі әлемі.
Кітаппен дос болған қыздардың,
Бәрі де керемет әдемі» деп, ақын Баянғали Әлімжанов өлеңмен өрнектеген сауатты да сымбатты, өз ісінің шебер майталмандары, әрдайым кітап оқитын оқырмандарыңыз көп болсын!
Жанат НӘРІКБАЕВА,
№85 орта мектептің кітапхана меңгерушісі
20 сәуір 2026 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930