» » КЕЗЕКТІ СЕССИЯДА КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

КЕЗЕКТІ СЕССИЯДА КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Өткен жұмада «Руханият» орталығының мәжіліс залында VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті 44-сессиясы өтті.
Оған аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық санитарлықэпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, мемлекеттік бөбекжай-балабақша меңгерушілері, үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – аудандағы білім беру сапасының қазіргі жағдайы мен оны жақсарту бағытындағы нақты шаралар болды. Баяндаманы аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы жасады. Бұл тақырып аясында білім саласының жетістіктері мен түйткілді тұстары сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Мұнан соң аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №374 «2026-2030 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Бекеновтің баяндамасы тыңдалды.
Келесі кезекте Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №270 «Қармақшы аудандық округтік сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №270 «Қармақшы аудандық учаскелік сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қозғалды.
Сессия соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов қорытындылады.
Қармақшы аудандық мәслихаты
02 сәуір 2026 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30