» » Жаңа жеңілдетілген ипотека кімдерге беріледі?

Жаңа жеңілдетілген ипотека кімдерге беріледі?

2026 жылғы 24 наурызда Қазақстан Үкіметі көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жобаны жариялады. Бұл бастама тек елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, сала қызметкерлері үшін жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік береді. Жобаны Премьер-министр Олжас Бектенов бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің мәліметінше, 2030 жылға дейін елдің энергетикалық инфрақұрылымы жаңартылып, кеңейтіледі. Жаңа және жаңғыртылатын нысандардың жалпы қуаты 7,8 ГВт болады.
Негізгі құрылыс орындары:
  • Екібастұз
  • Курчатов
  • Жезқазған
  • Көкшетау
  • Семей
  • Өскемен
Сонымен қатар, 11 жұмыс істеп тұрған станция жаңғыртылады. Соның ішінде Ақсу және Екібастұз ГРЭС-тері, Қарағанды энергетикалық тораптары бар. Бұл шаралар жабдықтардың тозуын шамамен 12,6%-ға азайтып, жүйенің сенімділігін арттырады.
Жоба бюджеттен тыс қаражат есебінен, инвесторларды тарту арқылы жүзеге асады. Жалпы инвестиция көлемі кемінде 7,5 трлн теңгені құрайды. Негізгі мақсат – елде электр энергиясына өсіп жатқан сұранысты тұрақты түрде қамтамасыз ету.
Жаңа станциялар «таза көмір» технологиясымен салынады. Бұл зиянды шығарындыларды азайтып, қоршаған ортаға әсерін төмендетеді.
Жоба аясында 4,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сала қызметкерлеріне арнайы жеңілдетілген ипотека ұсынылады. Бұл бағдарлама «Отбасы банк» арқылы жүзеге асады. Яғни, көмір электр станцияларында жұмыс істейтін азаматтар тұрғын үйді тиімді шарттармен сатып ала алады.
Сонымен қатар, мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыру да қарастырылған.
Жоба көмір өндіру және тасымалдау жүйесімен бірге дамиды. 2030 жылға қарай көмірге сұраныс жылына 20 млн тоннаға артады деп күтіледі. Осыған байланысты теміржол инфрақұрылымы жаңартылып, жүк вагондары көбейтіледі.
24 наурыз 2026 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 696
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 446

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031