» » ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ӨТТІ

ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ӨТТІ


Қасиетті Рамазан айының ең қадірлі сәттерінің бірі – Қадір түні Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінде ерекше рухани жағдайда аталып өтті.

Кеш барысында жамағатқа Қадір түнінің артықшылығы мен сауабы туралы тағылымды уағыз-насихат айтылып, бұл түннің мұсылман өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ жамағат арасында діни танымдық Kahoot интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы жүлделер мен сыйлықтар табысталды. Бұл игі шара мешіт жамағатының діни білімін арттырып, рухани кештің көркін аша түсті.

Бағдарлама барысында жамағатпен бірге тәһәжжуд намазы оқылып, мешітке келген қауымға еркін түрде құлшылық жасап, дұға-тілек етуге мүмкіндік берілді.
Кеш соңында мешітіміздің қари бауырына жамағат атынан құрмет көрсетіліп, ақсақалдар ақ батасын берді. Жамағат ризашылықтарын білдіріп, дәстүр бойынша шапан жауып, алғыс айтты.

Алла Тағала қасиетті Қадір түнінде жасалған барлық құлшылықтарымызды қабыл етіп, берекесін нәсіп етсін!

Қармақшы аудандық
«Қармақшы ата» мешітінің баспасөз қызметі

17 наурыз 2026 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30