» » ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ АҚШАНЫ ҮНЕМДЕЙДІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ АҚШАНЫ ҮНЕМДЕЙДІ

Мемлекет басшысының бағаны қалыптастыру тетігін реформалау бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі елімізде фармацевтикалық саланы дамытуда ісшараларды нақтылап, дәрі-дәрмек бағасын жолға қою бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі таңда елімізде 10 мыңнан астам дәріхана ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 2700-і ауылдық жерлерде орналасқан. Шалғай елді мекендерде 11 жылжымалы дәріхана пунктті жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарына дәріханалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңадан ашылып жатқан ауылдық медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін ашу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етудегі негізгі міндеттеріне қауіпсіз және сапалы дәрілік заттарға қолжетімділігі, баға реттеудің әділдігі, тек тиімді дәрілік заттарды пайдалануды арттыру, дәрілік заттар мен медициалық бұйымдардың айналым процестерін цифрландыруды қамтамасыз ету жатады.
Қазіргі уақытта халықтың дәрі-дәрмекке жұмсайтын ақшасы азаймай отыр, керісінше, артып келеді. Сөз жоқ, дәрі-дәрмектердің шекті бағасы xалық үшін тиімді, десек те, дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығы, қажетті емін алу үшін қайсыбір дәрілерге кейбір адамдардың қолы жете бермейтіндігі айтудай-ақ айтылып жүр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында медициналық препараттардың жаңа шекті бағасын белгіледі. Республика аймағында дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру тетігі қайта қаралып, нормативтік база жаңартылған. Барлық өңірде бағаны бақылау үшін DARI. KZ мобильдік қосымшасы жұмыс істеп тұр.
Айта кету керек, Қазақстанда 2025 жылдың басында 5 мыңға жуық дәрінің бағасы қайта қаралып, жаңа шекті баға бекітілген.
Рецептпен берілетін дәрілерге ерекше көңіл бөлініп, шетелдегі бағамен салыстырылған. Сонымен қатар, үстеме бағаларға бақылау күшейтілген.
Қазір барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер тарапынан өңірлердегі дәріханаларда дәрілер бағасына қоғамдық бақылау жүргізілуде.
Біздің ауданда барлығы 18 дәріхана, оның ішінде Жосалы кентінде – 9, Төретам кентінде – 6, Ақай ауылдық округінде – 2, III Интернационал ауылдық округінде 1 дәріхана жұмыс жасайды.
Осы орайда Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесі мүшелерінен құрылған Қоғамдық бақылау тобымен 2026 жылғы қаңтар айының 21-інен бастап аудан көлеміндегі дәріханаларда дәрілік заттардың бағаларының сақталуына қатысты дәрі-дәрмектің жаңа шекті бағасына қоғамдық бақылау жүргізілуде.
Қоғамдық бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік маңызы бар препараттарға бағаның төмендетуі мұқтаж азаматтар үшін экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуде ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралары жайлы түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Қоғамдық бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен дәрілік заттардың шекті бағасынан бағаның қымбат болу фактілері кездескен жоқ.
Қазақстанда дәрілік заттардың шекті бағаларын кезең-кезеңімен ырықтандыру жобасы жүзеге асырылуда. Дәрі-дәрмектерге белгіленген жаңа шекті баға бұл – бағаны төмендетуге, халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ісшара екені сөзсіз. Қорыта келгенде, министрлік тарапынан халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақытылы, әрі үздіксіз қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шара қабылданып, нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесі
28 қаңтар 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 317
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031