» » 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

Фото: polisa.kz
Полиция 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметіне сүйенсек, жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие.
«Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы Қазақстаннан тыс жерлерде жеті call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұдан бөлек, ел аумағында тағы осындай алты орталықтың қызметі жойылды»,- делінген ақпаратта.
Киберқылмысқа қарсы күрес – Ішкі істер министрлігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында полиция кешенді жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық шаралар атқарылуда.
«Интернеттің дамуына байланысты «дәстүрлі» қылмыс түрлері онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұрлықтар интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолдануда. Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді».ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ІІМ қызметкерлері азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
«Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, жеке деректерді бөгде адамдарға айтпаңыз, сондай-ақ банк карталарын және олардың деректерін үшінші тұлғаларға бермеңіз»,- деп ескертті полиция.
06 қаңтар 2026 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 819
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 512

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930