» » БАҒДАРЛЫ ЖҰМЫС ИГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

БАҒДАРЛЫ ЖҰМЫС ИГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

Мәслихат – өз қызметінде бірінші кезекте заңнамаларды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңы мәслихаттарға жергілікті бюджеттерді, аймақтық жоспарлар мен әлеуметтікэкономикалық даму бағдарламаларын бекіту әрі бақылау құқығын берген.
Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында-ақ жергілікті мәслихаттар аймақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту мен көптеген бағдарламаның орындалуына бақылау жүргізу құқығын иеленді.
Бүгінгі таңда аудандық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында аудан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған жергілікті биліктің барлық бастамасын қолдап, ел-халықпен бірлесе отырып игі іс-шаралар атқарып келеді.
Халық қалаулылары тарапынан аудандық мәслихатпен бекітілген бағдарламалардың атқарылуына әсіресе, салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылыстарының сапалы жүргізілуіне, уақытылы іске қосылуына, аталған жұмыстар бойынша қоғамдық тыңдауға аса көңіл бөлуде.
Депутаттардың ұсыныстары мен сын-ескертпелері аудан әкімдігі тарапынан және тиісті мемлекеттік мекемелердің басшыларынан қолдау тауып, депутаттардың көкейінде жүрген көптеген шешілмей келе жатқан мәселеге, сайлаушылардың талап-тілектеріне көңіл бөлініп, мәселелер оң шешілуде.
Бүгінгі таңда Қармақшы ауданы бойынша, яғни барлық елді мекенді қосқанда аудандық мәслихаттың 13 депутаты бар.
Сегізінші шақырылған Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттық корпусы 2023 жылдың наурызында жаңадан жасақталып, аудандық мәслихаттың 13 депутаты сайланды.
Қазіргі таңда аудандық мәслихаттың 13 депутаты өз қызметтерін атқаруда. Депутаттардың 10-ы «AMANAT» партиясының мүшесі, 1-еуі «Ақжол» партиясының мүшесі, 2-еуі «Ауыл» партиясының мүшесі.
Жалпы атқарушы органдар тарапынан бағдарламаға, жоспарға, ісқимылға сәйкес атқарылатын жұмыстар депутаттар мен тұрғындар арасында талқыланып, ұсыныстармен нақтыланып отырса, халық пен билік арасында тығыз байланыс күшейе түсетіні белгілі.
Аудандық мәслихатта 3 тұрақты комиссия жұмыс атқарады. Оның ішінде «Экономика, қаржы, бюджет, жергілікті басқару және дағдарысқа қарсы іс-қимыл» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, оның төрағасы Еркін Рзалиев, мүшелері Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы, Джакешов Абай Байдуллаұлы, Дәуленбаева Шолпан Әнуарқызы.
«Аймақтық даму, өндіріс және ауылшаруашылығы салалары, сауда, бизнес, кәсіпкерлікті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, оның төрағасы Бекбаев Мырзаш Қуандықұлы, мүшелері Ералиев Төлеу Айманұлы, Бөгетов Болат Әлдебайұлы, Қанатбай Дәулет Аббазұлы.
«Әлеуметтік, жастар саясаты, құқық қорғау, спорт, туризм және мәдениет» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, оның төрағасы Байрахтарова Дильфура Бакишқызы, мүшелері Асылов Марат Мұханғалиұлы, Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы, Пірмантаев Қуаныш Айдарбекұлы.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі, өкілеттігі мен жұмыс тәртібі Заңның 12-15 баптарында белгіленген. Тұрақты комиссиялардың жеке немесе бірлескен отырыстары, әдетте депутаттардың қатысу мүмкіншілігі ескеріле отырып, сессиялар қарсаңында өткізіледі, сонымен қатар қажеттілікке қарай басқа мезгілде де өткізілуі мүмкін.
Жоғарыда аталған Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады. Мәслихат сессиясында шұғыл шешілуі тиіс мәселелер туындаған жағдайларда мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша күн тәртібі тек осы мәселелерімен ғана шектелген мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың 36 сессиясы, оның 11 кезекті, 25 кезектен тыс сессия өткізіліп, 332 шешім қабылданды. Сондайақ, осы кезеңде мәслихат төрағасының 95 өкімі шықты.
Қазіргі таңда 15 мемлекеттік тіркеуден өткен шешім қолданыста.
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі» аудандық мәслихаттың сессияларында қаралып келеді.
Мемлекет басшысының Жолдауында өкілетті орган ретінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуда жергілікті мәслихаттардың рөліне айрықша көңіл бөлінді. Мәслихат депутаттарының жұмысы мен отырыстары тікелей эфирде көрсетіле отырып, ашық түрде жүруі қажет екенін және бұл қадам мәслихат депутаттарының жергілікті бюджет шығындарын бақылап, олардың аймақ көлеміндегі мәселелерді шешуде белсенділігін арттыруға жол ашады делінген.
Осыған сәйкес, аудандық мәслихат сессияларын онлайн-трансляцияда өткізуді Facebook әлеуметтік желісімен жүзеге асыру үшін оған қажетті техникалық құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда аудандық мәслихаттың сессиялары тікелей эфирде Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-трансляцияда өткізіліп келеді.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессияларында «Ауданда жер ресурстарын пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы», «Қармақшы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі», «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы», 2024 жылға арналған «Кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерін бекіту туралы», «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2025-2027 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттері туралы», тағы басқа да мәселелер қаралды.
Кезекті сессияда қаралатын жоспарлы мәселені әзірлеу үшін құрамында депутаттар, мәселеге қатысты атқарушы органдар, сондайақ тиісті мекеме басшылары мен мамандары бар аудандық мәслихаттың уақытша комиссиясы құрылады. Оған аудандық мәслихат депутаттары мен тиісті мамандар қатыстырылып, мәселені зерттеу-зерделеуде басшылыққа алынатын жадынама әзірленеді.
Мақұлданған жадынама негізінде құрамында уақытша комиссия мүшелері бар жұмысшы топтары елді мекендерде зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысында аудан бойынша анықтамалар дайындалады және ол аудандық мәслихат аппаратында жинақталып, депутаттарға таныстырылады.
Сессияның күн тәртібінің жобасы және оған енгізілген мәселелер бойынша шешім жобалары тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында алдын ала талқылаудан өткізіледі, талқылау қорытындысында мақұлданған мәселелер ғана сессияның күн тәртібінің жобасына енгізіліп, сессия қарауына ұсынылады.
Мәслихаттар құзыретіне заңмен жүктелген мәселелердің бірі жергілікті бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді бекіту болып табылады. Жылдық бюджет тиісті аумақты басқарудағы және оның тіршілігін жүргізудегі негізгі құжат саналатындықтан, сондай-ақ жыл ішінде түрлі себептерге байланысты оны нақтылап отыру қажеттігі туындайтындықтан бюджетті нақтылау мерзімі кезекті сессия өткізу мерзіміне сәйкес келмеген жағдайларда Заңға сай кезектен тыс сессиялар өткізіледі.
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың сессияларында аудан үшін маңызды бірқатар шешім қабылданды.
Оның ішінде: Қармақшы ауданының әкімшілік-аумақтық басқару схемасын бекіту туралы», Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы», «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы», Қармақшы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы, Қармақшы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы, Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы, «Қармақшы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешімдері қабылданды.
Депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып, демеушілік көмектерін көрсетіп отырады. Халықаралық балаларды қорғау күні және «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шаралары көрсетіледі. Қарттар мен мүгедектерді қорғау айлығында заттай, ақшалай, азықтай жәрдемдер жасалады. Әр депутат аз қамтылған жандарға, жалғызбасты қарттарға, көпбалалы отбасыларға өз көмектерін көрсетіп тұрады.
Аудандық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарымен тығыз байланыста жұмыс атқарып, ауданның әлеуметтікэкономикалық проблемаларына және бюджеттік саясатқа, заңдылық пен құқық тәртібінің нығаюына айтарлықтай көбірек көңіл бөлуде. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын маңызды мәселелерге байланысты құрылатын комиссиялар құрамында да аудандық мәслихат депутаттары белсенділік танытып, біздің ауданға қатысты мәселелердің оң шешімін табуға өз ұсыныстарын айтып, іске асуына ықпал етуде.
Халық қалаулылары аудан әкімдігі жанынан құрылған түрлі комиссиялардың мүшелері ретінде олардың жұмысына қатысып отырады.
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес округтер бойынша сайланған аудандық мәслихат депутаттары Қармақшы ауданының әкімі және кент, ауылдық округі әкімдерінің халықпен кездесулеріне қатысып, өз сайлау округтеріндегі тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарды назарға алып, осы бағытта тиісті жұмыстар атқаруда.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашада қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданған болатын.
Осы аталған заңға сәйкес жергілікті деңгейде ауданымызда да қоғамдық кеңес құрамы қалыптастырылып, құрамы және оның ережесі аудандық мәслихат сессиясында бекітіліп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқаруда. Қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты азаматтық қоғамның маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру болып табылады.
Қоғамның мүддесін білдіру және жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау әрі қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзінөзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету қоғамдық кеңестердің негізгі қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 3 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №406-VI заңның 13-бабының 6-тармағында «Жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаты жүзеге асырады» делінген.
Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңестің қызметін өз деңгейінде жүргізу үшін Қармақшы аудандық мәслихаты аппараты Қоғамдық кеңестің жұмысшы органы болып бекітілді.
Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 6 отырысы өткізіліп, онда 28 мәселе қаралып, 17 нормативтікқұқықтық актіге сараптама жасалып, қоғамдық кеңестің ұсынымдары берілді.
Аудандық мәслихат аппараты да өз жұмысын тиісті заңдылықтарға және мәслихаттың регламентіне сай атқаруда.
Қазіргі таңда мәслихат аппаратында 5 мемлекеттік әкімшілік қызметкер және 4 азаматтық қызметші жұмыс жасауда. Аппарат қызметкерлері депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға, сессиялар мен комиссиялар отырыстарын дайындауға, сайлаушылармен кездесулерін өткізуге жан-жақты әдістемелік, ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де көмек көрсетеді.
Тұрақты негізде қабылданған нормативтікқұқықтық актілердің құқықтық мониторингі жүргізіліп келеді. Облыстық әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен мәслихат шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жарияланып, «Заң» деректер базасына енгізілді.
2025 жылы аудандық мәслихатқа жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдікпроцестік Кодексіне сәйкес тұрғындардан келіп түскен өтініштер дер кезінде заңдылықтарға сәйкес қаралып, өтініш иелеріне орындалуы туралы хабарлар жолдануда. Аудандық мәслихат төрағасы мен аппарат басшысының азаматтарды қабылдау кестесі және мәслихат аппаратының сенім телефоны әр тоқсан сайын аудандық басылым бетінде жарияланып тұрады. 2025 жылы қабылдау кестесіне сәйкес аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауында 32 адам болып, олардың өтініштері қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес шешімін тапты. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына сәйкес «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітіліп, жылдың қорытындысы бойынша аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметі бағаланып отырады.
Мемлекет басшысының Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдамасын іске асыру міндетін жүктеді. Осы ретте ауданымызда әрбір тұрғынның өтініш-тілектерін орындау маңызды.
Ауданымыздың көркеюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін тауып, халыққа жақын болып қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату – әрқашанда мемлекетке сенімділікті арттыратыны сөзсіз.
Әділ ҮСЕНҰЛЫ ҚОШАЛАҚОВ,
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы

23 қараша 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 659

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031