» » ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Жылу беру маусымы аясында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жосалы және Төретам кенттері әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ газ қызметі мамандарымен бірлесіп, тұрмыстық қауіпсіздікті арттыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Шара барысында ерекше назарға алынған тұрғын үйлерге 60 дана табиғи газды анықтайтын құрылғылар орнатылды. Бұл құрылғы табиғи газдың ауаға таралуын ерте кезеңде анықтап, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
Мұндай жұмыстар жылу беру маусымы бойы жалғасын табады. Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары тұрғындарға тұрмыстық қауіпсіздік ережесін сақтау, газ және жылыту жабдықтарын дұрыс пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Құрметті аудан тұрғындары қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында табиғи газды дұрыс пайдалану ережелерін сақтаңыздар:
1. Газ жабдықтарын тек мамандар орнатуы тиіс. Өз бетімен қосу немесе жөндеу адам өміріне қауіпті.
2. Газ иісі сезілсе – дереу шара қолданыңыз:
– газ кранын жабыңыз; – терезені, есікті ашып, бөлмені желдетіңіз;
– электр құралдарын қоспаңыз және ұшқын тудырмаңыз;
– Газ қызметіне немесе өрт сөндіру бөліміне дереу хабарласыңыз (109 немесе 112).
Қайнар ДАЛДИЕВ
19 қазан 2025 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930