» » Қысты қамсыз өткізу – бүгінгі дайындықтан басталады

Қысты қамсыз өткізу – бүгінгі дайындықтан басталады


Жылу беру маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігі мәселесі ерекше маңызға ие болады. Суық күндерде тұрғындар жылу құрылғыларын жиі пайдаланып, пеш, электр жылыту құралдары мен газ жабдықтарына көбірек жүгінеді. Бұл өз кезегінде өрт шығу қаупін арттырады. Сондықтан әрбір азаматтың қауіпсіздік ережелерін сақтауы – жеке басының ғана емес, бүкіл қоғамның амандығы үшін аса маңызды.
Осы ретте аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №10 және №8 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері әр аптаның сәрсенбі, жұма, сенбі күндері тұрғын үйлерді аралап рейдтік түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Мамандар әр үйге барып, арнайы жадынамалар мен парақшалар таратып, өрт туындаған жағдайда не істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Әсіресе, көпбалалы отбасылар мен қарт адамдар тұратын үйлерге ерекше назар аударылуда.
– Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өрт – алдын алуға болатын апат. Сондықтан әр азамат қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті. Алда жылу беру маусымы жақындап келеді. Осы орайда үй пештерін, газ жүретін желілерді  мұқият тексеріп, өрт қауіпсіздігінің алдын алуға шақырамын,  – дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлы
Осындай түсіндіру жұмыстарының арқасында өрт жағдайларының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бұл бағыттағы жұмыстар жылу беру маусымы аяғына дейін жалғасатын болады.
Қайнар ДАЛДИЕВ
01 қыркүйек 2025 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728