» » Жүргізуші куәлігін алу емтиханы – жауапкершілікті талап ететін маңызды кезең

Жүргізуші куәлігін алу емтиханы – жауапкершілікті талап ететін маңызды кезең

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын тәжірибелік емтихан – тек ресми рәсім емес, жол қозғалысына қатысушы болуға дайындықты тексеретін аса маңызды кезең. Бұл сынақ арқылы болашақ жүргізушілердің көлікті басқару дағдысы мен жолдағы қауіпсіздікке көзқарасы айқындалады.

Алайда тәжірибелік емтихан көптеген үміткерлер үшін ең күрделі кезеңдердің бірі болып отыр. Көп жағдайда емтихан тек қана сәтсіз нәтижемен шектелмей, автокөліктің зақымдануына, жол белгілерінің құлатылуына немесе қауіпті жағдайлардың туындауына әкеліп жатады. Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО 4 жағдай орын алған. Мұндай жайттар емтиханның маңызын айқын көрсетеді: автодромда жіберілген қателіктер шынайы өмірде адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Мамандардын пікірінше, тәжірибелік емтихан – тек жүргізушінің жеке сынағы ғана емес, қоғам қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды қадам. Сондықтан бұл кезеңге жеңіл-желпі қарамай, әрбір үміткер жауапкершілікпен дайындалуы тиіс.
26 қыркүйек 2025 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930