» » Жемқорлық – қоғам дерті

Жемқорлық – қоғам дерті

Фото: Н.Нұржаубай
Сыбайлас жемқорлық қоғамның ақауы болып табылады. Осы ретте, қоғамға, өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың аса ауыр құқықбұзушылық екенін ұғыну маңызды. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдение­­ті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болма­са, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Біздің қоғамның әрбір толыққанды және дені сау мүшесі жемқор­лық­қа қарсы күрес – бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін түсінуге тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениет­ті қалыптастыру маңызды.
Елімізде жемқорлықпен күрес жұмыс­тары жүйелі жүргізілуде. Пара беруші де, алушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етіп, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық даму үдерісін баяулатады, сайып кел­генде, елдің даму болашағына үлкен қауіп төндіреді. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.
А.Тәнкеева,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман бас қазынашысы 
13 қыркүйек 2025 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930