» » Медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны жүргізілуде

Медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны жүргізілуде


1 қыркүйектен бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту науқаны басталды. Екі ай көлемінде жүргізілетін науқан 1 қарашада аяталады. Айта кету керек, емхананы таңдағанда қолжетілімдікті ескеру керек. Яғни емханаңыз үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Ал, тіркелу екі әдіс арқылы жүргізіледі. Біріншісі, www.egov.kz сайты арқылы барлық азаматтарға арналса, екінші әдіс халықтың жекелеген санаттарына ғана арналады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Абубакирова айтты.

- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше жүгінген кезде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жазбаша нысанда тікелей өтінішті зейнеткерлер, мүгедектер, бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылары немесе қамқоршылары, патронат тәрбиешілері және оларды алмастыратын, заңнамаға сәйкес баланы күтуді, оқытуды, тәрбиелеуді, құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар бере алады. Науқан арқылы тіркелген тұрғындарға жаңа емхана медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеді. Тұрғындарға емхананы науқаннан тыс та ауыстыруға болады: жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерткенде немесе бұрынғы емхана жабылған жағдайда,- деді Жаңыл Исақызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
11 қыркүйек 2025 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 645
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031