» » 24 қыркүйектен бастап ескі банкноттар дүкендерде қабылданбайды: не істеу керек?

24 қыркүйектен бастап ескі банкноттар дүкендерде қабылданбайды: не істеу керек?

2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар дүкендерде де, қызмет ақысын төлеуде де қабылданбайды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

(сурет ашық дереккөзден)
Ескі және жаңа 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін қатар айналымда болады және барлық жерде қабылдануға міндетті. Бірақ 25 қыркүйектен бастап ескі купюралармен төлем жасауға болмайды. Дегенмен олар жоғалмайды: ескі ақшаны жаңа банкноттарға ақысыз айырбастауға болады.

Қазақстандағы кез келген банк бөлімшесінде және "Қазпоштада" мұндай айырбастау үш жыл бойы жүргізіледі. Ал Ұлттық банк филиалдарында ескі ақшаны кез келген уақытта, тіпті бірнеше жылдан кейін де айырбастауға мүмкіндік бар.
Былтыр Ұлттық банк ескі және жаңа банкноттардың қатар жүру мерзімін 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартқан еді. Енді бұл мерзім қайта ұзартылмайды: бұл күннен кейін 2011 жылғы 5000 теңгелік купюралар айналымнан біржола шығарылады.

31 тамыз 2025 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 528

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930