» » Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті




Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.
Аймақ басшысы Конституцияның 30 жылдығымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ауқымды өзгерістерге тоқталды.

Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
«Конституция – тәуелсіздігіміздің ең басты тірегі, мемлекеттігіміздің кепілі. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.
Біз осы реформалар арқылы саяси жаңғыруға, «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құруға қадам басып келеміз.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірі Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қарқынды даму жолына түсті.
Биыл облысымыздың бюджеті 823 млрд. 400 млн. теңгені құрап, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті.
Бұл қаражат аймағымыздағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды ірі инфрақұрылымдық, инвестициялық жобалар қарқын алды.
Соңғы 3 жылда өңір экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен үш жылда құны 98 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылып, 1 400 тұрақты жаңа жұмыс орны құрылды.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Биыл 631 млрд. 400 млн. теңгеден астам инвестиция тартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде, 7 айда 351 млрд. 800 млн. теңге инвестиция тартылды. Жоспардың орындалуы бойынша Қызылорда облысы республикада бірінші орында.
2025-2028 жылдары аймақта құны 2 трлн. теңгеге жуық 89 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 302 млрд. 500 млн. теңгеге 27 жоба іске қосылады.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі қалануда. Егемендігіміз баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгілік, Ата заңымыз тұғырлы болғай!», – деді Н. Нәлібаев.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында еңбекте жоғары нәтижеге қол жеткізген жерлестеріміз марапат төрінен көрінді. Еңбек ардагері Кеңесбек Махамбетовке «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы беріліп, бірқатар азаматқа мерекелік медаль табысталды. Сонымен қатар, әртүрлі сала мамандары Қызылорда облысының Құрмет грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Айта кетейік, аймақтың сәулеттік келбетін айшықтап, жұртшылықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ға жуық пәтер табысталды.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан 3 800 дайын пәтерді сатып алуға 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді.
Көптеген әлеуметтік нысан салынып, ел игілігіне айналды.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
2022 жылдан бері жаңадан 15 мәдениет нысаны, атап айтқанда, барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары», балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылды.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» қолдауымен «Достық үйінің» жаңа ғимараты бой көтеріп келеді.
Нысан алдағы қараша айында пайдалануға беріледі.
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
Жас ұрпақтың білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Қаржыландырудың барлық көзінен 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
29 тамыз 2025 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930