» » АРАЛДА ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҚАЖЕТТІ ҰНТАҚТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АРАЛДА ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҚАЖЕТТІ ҰНТАҚТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Облыс Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданында «Ase Іnvest» тұрмысқа қажетті ұнтақтар өндіретін зауыттың ашылу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов,Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, аймақтың кәсіпкерлік саласының жаңашылдықтарына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен инвестиция және бизнес саласындағы ахуалды жақсартуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға айрықша назар аударамын. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін бизнесті жүргізу мәселесіне қатысты заң қабылдадық. Қазір мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіріп жатырмыз», – деген болатын. Кәсіпкерлікті қолдауға 2022-2024 жылдары әртүрлі көздерден 206 млрд. теңге тартылып, 16 мың 700 жоба қаржыландырылды. Оның 40 млрд. 931 млн теңгесі мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапты. Бүгін «Ase Іnvest» серіктестігі іске қосатын зауытта шаруашылыққа қажетті ұнтақтар шығарылмақ. Жаңа зауыт құтты, жұмыстарыңыз сәтті, табысты болғай!» – деді аймақ басшысы.
Рәсімде Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, жаңашыл бастамаға ұйытқы болған компания өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, зауыт тәулігіне 22 тонна өнім өндіреді. Шығарылған өнімнің 50 пайызы экспортқа бағытталмақ. Жобаның екінші кезеңінде кәсіпорын ылғал майлықтар өндірісін жолға қоюды жоспарлаған. Цех жыл соңына дейін іске қосылады. Жаңа кәсіпорын 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
10 мамыр 2025 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031