» » Қала мектептерінде қауіпсіздік күшейтіледі

Қала мектептерінде қауіпсіздік күшейтіледі


Жаңа оқу жылының басталуымен бірге ең өзекті мәселелердің бірі - балалардың қауіпсіздігі. Басты міндет - оқушылардың мектепке бару және қайту жолындағы амандығын қамтамасыз ету. Биыл облыстағы 339 мектепте 189 288 бала білім алады деп жоспарлануда. Демек, әрбір оқушының жолдағы, мектеп ауласындағы, сондай-ақ мерекелік шаралар кезіндегі қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейтін мәселе.
Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, жаңа оқу жылы қарсаңында ең алдымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Мейрамбек Манатов пен ОПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұркен Бақтияров баяндады.
- «Білім күніне» Полиция департаментімен арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, барлық жалпы білім беретін оқу орындарында, сондай-ақ, оған іргелес аймақтарда оқушылар арасында келеңсіз жағдайларды, жол көлік оқиғаларды алдын алу және іс-шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін облыс бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы – 594 қызметкер және 139 қызметтік автокөліктер жұмылдырылу жоспарланған. Іс-шараға бөлінген қызметкерлерден бөлек, жалпы қала және аудан орталықтарындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, паркте, скверлерде, орталық алаңдарда тәртіпті сақтауға тәулік бойына қосымша қызметкерлер қызмет атқаратын болады. Осы мақсатта, ата-аналар тарапынан балалардың беймезгіл уақытта, яғни сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық, қоғамдық орындар мен көшелерге шықпауын бақылау керектігін және бастауыш сыныбының, яғни 1-4 сынып оқушыларын сабақтан тек өздеріңіз алып қайтқандарыңыз абзал екендігін ескертіп өткім келеді,- деді Мұратбек Мейрамбекұлы.
- Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен оқу жылының басталуына байланысты, облысымыздың көше-жол тораптарының бойында орналасқан білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру үшін қала және аудан әкімдеріне 30 хабарлама-ұсыныстар мен 177 нұсқамалар жолданды. Қазіргі таңда 67 дана жол белгілері мен 29 жердің жасанды тегіс-еместік қондырғылары қайта қалпына келтірілсе, жаңадан 72 дана жол белгісі орнатылып, 110 жерде жаяу жүргінші жол үсті таңбалары жаңартылды,- деді Нұркен Пірәлиұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
27 тамыз 2025 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 644
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031