» » Майдангер жазушы

Майдангер жазушы


Кент кітапханасында жазушы Қалмұқан Исабайдың 100 жылдығына орай оқырмандардың қатысуымен 'Майдангер жазушы" атты библиографиялық шолу өткізіліп, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты.
Қалмұқан Исабай 1925 жылдың 25 тамызында Павлодар облысының Баянауыл өңірінде туған. 1943 жылдың қаңтарында 10-шы сыныпта оқып жүргенде Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, сұрапыл соғысты бастан кешеді. 1954 жылдың күзінде әскерден босап, елге оралады. 1954-1955 оқу жылында Алматы қаласының кешкі жастар мектебінде 10-шы сыныпты қайта оқып бітіреді. Одан соң Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне сырттай түсіп, оны 1961 жылы аяқтап шығады. Қаламгерлікке ұмтылыс оны «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің киелі табалдырығын аттатады. Бұдан соң ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында директор болып абыройлы қызмет атқарды.
25 тамыз 2025 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 507

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930