» » Қайырымды іс – білімге бастар жол

Қайырымды іс – білімге бастар жол



Әрбір отбасы үшін жаңа оқу жылы ерекше кезең. Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін мектепке бала дайындау айтарлықтай қиындықтар тудыратыны жасырын емес. Осындай сәтте әлеуметтік жауапкершілікті көтеріп, көмекке қол созу – үлкен адамгершілік. Осы тұрғыда «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Баланы мектепке дайындық» республикалық акциясы өзінің ізгілікті дәстүрін жалғастыруда.
Игі іс-шара барысында оқушыларға мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, түрлі оқу құралдары табысталып, олардың жаңа білім жылын алаңсыз әрі толық дайындықпен бастауына жағдай жасалуда.
Биылғы оқу жылы қарсаңында аталған акция ауданымызда да ерекше қарқын алды. «AMANAT» партиясы аудандық филиалында аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер табыстады.
– «AMANAT» партиясы қайырымды іс көрсетуде әрқашан өз қолдауын көрсетіп келеді. Соның бір дәлелі – ауданымызда көрініс табуда. Жалпы қайырымдылық шаралар тек балалардың жүзіндегі қуанышты күлкіні көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдағы өзара қолдау мәдениетін нығайтып, мейірім мен қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін айқындайды. Партияның бұл бастамасы – әлеуметтік әділдікті орнатуға, әлсізге сүйеу болуға бағытталған ізгілікті қадам. Сондықтан балаларымыз еш уайымсыз білімге ден қойып, еліміздің саналы ұрпағы болып қалыптасуы керек, – деді аудандық мәслихат төрағасы.
Қайырымды іс-шарада ата-аналар аудандық партияның қызметкерлеріне және шараға атсалысқан жандарға үлкен алғысын білдірді.
«ҚТ» ақпарат
23 тамыз 2025 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930