» » ШАРУАЛАР СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ КӨШТІ

ШАРУАЛАР СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ КӨШТІ

Аймағымызда күріштің көлемін қысқартып, оның орнына суды аса көп қажет етпейтін дақылдарды өсіруге басымдық беріліп келеді. Бұған қоса, 8 мың 100 гектар алқапқа су үнемдеу үшін жаңа қондырғылар орнатылған.
Айта кетейік, Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің биыл вегетацияаралық кезеңінің жұмыс режиміне сәйкес 1 сәуірге дейін осы қоймаларға 6,7 млрд текше метр су жинау жоспарланған. (Шардара – 5,2 млрд, Көксарай – 1,5 млрд) Алайда небәрі 5,9 млрд текше метр су, яғни жоспарланған көлемнен 737 млн текше метр кем жиналды.
Шілденің 30-ы күнгі мәлімет бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан түскен су көлемі секундына 158,1 текше метр, қоймадағы нақты су көлемі 571 млн текше метр. Бұл жоспардағыдан 1 529 млн текше метрге кем. Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы отырысында қоймада 2 268 млн текше метр болады деп белгіленген.
Су тапшылығына байланысты қалыптасқан жағдайға тұрақты мониторинг және түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін барлық ауданда арнайы жұмысшы топтары құрылды, тиісті бақылау жүргізілуде.
Қазіргі таңда барлық каналдан су алу кестесі бекітіліп, су кезекпен берілуде. Қашыртқыдағы суды екінші мәрте пайдалану бағытында облыста 324 насос қондырғысы іске қосылған. Сондай-ақ 5 магистральді және 3 шаруашылықаралық канал арқылы кезектестіріп су беру кестесінің жоспары әзірленіп, соған сәйкес жұмыс атқарылуда. Жалпы егілген егістің 98%-ы кезекпен суарылуда.
Жуырда Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Ол аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірнеше аудандарды аралап, шаруа қожалықтардың жұмысымен танысты.
Премьер-министрдің орынбасары вегетациялық кезеңнің күрделі жағдайда өтуіне байланысты атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Өзбекстан тарапы 200 текше метр, Қырғызстаннан 150 текше метр, шамамен 300 текше метрден астам су 15-тамызға дейін жіберілетін болып шешім қабылданды. Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде алдағы уақытта су көлемі жеткілікті болады деп күтілуде, – деді ол.
Ауданымыздағы «Жаңажол» ЖШС-на табан тіреген Қанат Бозымбаев шаруашылықтың жұмысымен танысты.
«Жаңажол» – өңірдегі ауылшаруашылығын дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтыған жетекші құрылымдардың бірі. Биыл шаруашылық 4547,5 гектар алқапқа егін екті. Оның 3100 гектары күріш, 469 гектары жаңа, 600 гектары ескі жоңышқа, 325 гектары бидай, 39 гектары жүгері. Сонымен қатар 5 гектар картоп, 9,5 гектар алма бағы да бар.
Қазіргі таңда мұнда 360 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Серіктестіктің 159 арнайы техникасы бар. Бұл егін ору, тасымалдау және басқа да жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.
Серіктестік егіншілікпен ғана шектелмей, жем-шөп өндірісі мен бау-бақша шаруашылығын да дамытып келеді. Табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланып, заманауи әдістерді енгізуде.
Ауданның суармалы жер көлемі 41147 гектар, 25258 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары, атап айтқанда, дәнді дақылдар 14123 гектарға, майлы дақылдар 1205 гектарға, мал азықтық дақылдар 8750 гектарға, картоп, көкөніс және бақша 1180 гектарға егілген. Күріш көлемі 12993 гектар. Ауданымызда 32 шаруашылық егін шаруашылығымен, 30-ы күріш егумен айналысады.
Биылға жоспарланған 404,0 млн текше метр судың 296,2 млн текше метрі нақты жеткізілді. Қазіргі уақытта 33 насос 9 шаруашылықтың егіс алқаптарындағы күріш пен ауыл маңындағы картоп, көкөніс, бақшаны суаруға қызмет етеді.
Мұнан бөлек, Қ.Бозымбаев «Жаңажол» шаруашылығының алма бағымен танысты. Шаруашылық 4,5 гектар жерге 1521 түп алма, 138 түп алмұрт және 205 түп өрік отырғызып, өнім алуда. 620 түп «Семеренка», 177 түп «Бес жұлдыз», 105 түп «Голдинк», 138 түп «Белиналип» сорттары арық арқылы суарылады. 2023 жылы тағы 5 гектар аумаққа 8 600 түп алма көшеті тамшылатып суару әдісімен егілді. Көшеттер Жамбыл облысы Мерке ауданындағы тұқымбақтан алынған. Жаңа алмабақта «Голден Делишес», «Старкримсон», «Мельба», «Столовка» және «Қызылай» сорттары өсірілуде. Суару жүйесі Израиль технологиясы бойынша жасалған.
Бүгінде су тапшылығының алдын алу мақсатында әр ауданда фермерлер арасында мониторинг және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс топтары құрылып бақылануда.
«ҚТ» ақпарат
05 тамыз 2025 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 272
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031