» » СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАН НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАН НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзенінің бойындағы Қызылорда су торабына барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты.
1956 жылы іске қосылған стратегиялық маңызды нысан аймақтың ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Су торабы арқылы Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарындағы 120 мың гектар суармалы алқап, 250 мың гектар жайылым мен шабындық суарылады. Сонымен қатар, гидротехникалық кешен тасқын судың алдын алу және өзен ағысын реттеу міндетін атқарады.
Қызылорда су торабы республикалық меншікте, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК теңгерімінде. Нысанның су өткізу қуаты жаз айларында 1200 м³/ сек, қыс мезгілінде 500-600 м³/сек.
Су торабы арқылы «Сол жаға» және «Оң жаға» магистральді каналдарына су жеткізіледі. «Сол жаға» каналы 225 м³/сек су өткізе алады, 90 мың гектар жерді қамтиды, оның 45 мың гектары – күріш егістігі. Ал «Оң жаға» каналының жобалық қуаты 110 м³/сек. Бұл арна арқылы Қызылорда қаласы аумағындағы бау-бақша, шабындық және жайылымдық алқаптарға су беріледі.
«ҚТ» ақпарат
03 тамыз 2025 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930