АЛАЯҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛУДАН САҚТАНЫП, ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫҢЫЗДЫ АРТТЫРЫҢЫЗ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек» деген болатын.
Осының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2025 жылғы 1 сәуірде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған Тұжырымдама бекітілді. Онда құқықтық мәдениетті дамыту, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы ісшаралар қамтылған. Бұл шаралар азаматтарымыздың алаяқтардың құрбаны болудан сақтануда маңызы зор. Алаяқтық қазіргі уақытта азаматтар үшін үлкен проблемаға айналуда.
Банк қызметкерлері ретіндегі телефон қоңыраулары, интернеттегі жалған хабарландырулар, күмәнді инвестициялардан алтын таулардың уәделері – мұндай схемалар көпшілікке таныс және күн сайын күрделене түсуде.
Залал өсуде, адамдарда қорқыныш пайда болып, «алаяқтан қалай қорғануға болады?» деген сұрақ күннен-күнге өзекті болуда.
Прокуратура органдарының міндеттерінің бірі – заңның сақталуын қадағалау ғана емес, азаматтарға өздерін қорғауға көмектесу.
Еліміз бойынша 2024 жылы интернеталаяқтықтың 22 870 жағдайы тіркелсе, 2025 жылдың 5 айында – 10 145 факті тіркелген.
Көп орын алатын өңірлер: 2025 жылдың 5 айында Астана қаласында 1548, Алматы қаласында 1114, Қарағанды облысында 868, Павлодар облысында 861, Ақмола облысында 792 алаяқтық тіркелген.
Алаяқтықтың көп тараған түрі интернеттегі жалған хабарландырулар, банк қызметкерлері ретіндегі қоңыраулар және «инвестициялық» алаяқтық.
Неліктен алаяқтық өрши түсуде?
Себебі, қазіргі уақытта әрбір үйде интернет байланысы орнатылған және әрбір азаматта ұялы телефон бар.
Осы құрылғыларды пайдалану арқылы әлеуметтік желілердегі, интернет мессенджерлердегі оңай олжаны жарнамалаған жалған хабарламаларға сеніп, ақпараттардың шынайылығын нақтыламай, алаяқтардың арбауына оңай ілініп жатады.
Осыған орай, прокуратура органдарымен келесі әрекеттерді жасау ұсынылады:
1. «Бейтаныс адамдарға сенбеңіз». Олар «банктен» қоңырау шалып, кодты немесе карта деректерін талап ете ме? Бұл – алаяқтар. Телефонды қойып, ресми сайттан көрсетілген нөмірге банкке қайта қоңырау шалыңыз;
2. «Онлайн мәмілелерді тексеріңіз». Интернеттен сатып аласыз ба? Сайттың қауіпсіз («https://» мекенжайынан) және сатушы нақты екеніне көз жеткізіңіз. Тым төмен баға – дабыл белгісі;
3. «Инвестициядан» сақ болыңыз. Жылдам табыс уәде етілген бе? Компанияны ҚР Ұлттық Банкі арқылы тексеріңіз. Лицензиясы болмаса – бұл алдау;
4. «Алдын ала төлемеңіз». Хабарландыру сайттарында тауарды алғаннан кейін төлем жасауға немесе кездесуге келіссөздер жүргізіңіз;
5. «Деректерді қорғау». Құжаттардың суретін бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз;
6. «Бірден хабарлаңыз». Егер сіз алданып қалсаңыз, шотты бұғаттау үшін дереу банкке хабарласыңыз және полицияға арыз беріңіз.
Құқық қорғау органдары алаяқтықты азайту үшін бәрін жасауда: заңның сақталуын бақылау күшейтілуде, банктермен және халықаралық серіктестермен жұмыс жүргізілуде.
Дегенмен, аталған қоғам дертімен бірлесіп күресуіміз қажет. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз – заң сіздің жағыңызда!
Қармақшы аудандық прокуратурасы