» » Сервис арқылы көрсетілетін қызмет ауқымы кең

Сервис арқылы көрсетілетін қызмет ауқымы кең

Қазақстан судьяларының VI съезінде сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттер жүктелген еді. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында Жоғарғы Сот «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі.
«Сот кабинеті»-сот құрылымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Сот кабинеті арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне  қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.
Сот кабинетінің мақсаты-азаматтар мен уәкілетті органдарға сервистің жаңа мүмкіндіктерін,  қолдану барысын түсіндіру. «Сот кабинеті»  мобильдік қосымшасы- IOS6,  Android  және Windows Phone  мобильдік платформасындағы сервистер интерфейстерінде де бар.
Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылығы бар. Тіркелу үшін пайдаланушы  келісіміне алдын-ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірлерін көрсетсе жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөміріне хабарлама арқылы құпия сөз келеді.
Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режимінде табуға; сот органдарына берген сот құжаттарының  мәртебесін бақылап отыруға, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге, чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.
А.Сапарова,
Қармақшы аудандық соты
әкімшісінің жетекші маманы
                                                                         
04 маусым 2025 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 881
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30