» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі - ақшаға сатып алу яғни мемлекеттік шенеуніктерді, лауазымды тұлғаларды сатып алу дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Оның ішінде: қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру осындай қылмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес уақыт өткен сайын күшеюде. Бүгінгі таңда, аталған қоғамдық індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі айрықша күн тәртібіне шығып отыр.
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа бармай, заңдылықты сақтауы ағымдағы жылы да басымды бағыттардың бірі болып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Басқарма бойынша ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, заңсыз тексерулер жүргізу актлеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қызметкерлер арасында тоқсан сайын семинар, құқықтық оқу жүргізіліп отырылады. Сонымен бірге
Басқарманың Фейсбук, Инстаграм желіліріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бүгінгі күнге дейін 2 рет тікелей эфир өткізіліп, айсайын мақалалар жарияланып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық парызы. Басқарманың лауазымды тұлғаларының өз қызметін атқару барысында жасаған заңсыз іс-әрекет немесе әрекетсіздік фактілері туралы 8-724-37-2-18-73 номерлі сенім телефонына хабарласа аласыздар.
Жауқазын Алипбаева,
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау
басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы

28 мамыр 2025 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 836
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031