» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу


«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі - ақшаға сатып алу яғни мемлекеттік шенеуніктерді, лауазымды тұлғаларды сатып алу дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.
Оның ішінде:
қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру осындай қылмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Cыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру қажет. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес уақыт өткен сайын күшеюде. Бүгінгі таңда, аталған қоғамдық індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі айрықша күн тәртібіне шығып отыр.
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа бармай, заңдылықты сақтауы ағымдағы жылы да басымды бағыттардың бірі болып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Басқарма бойынша ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, заңсыз тексерулер жүргізу актлеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қызметкерлер арасында тоқсан сайын семинар, құқықтық оқу жүргізіліп отырылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық парызы.
Жауқазын Алипбаева,
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы 
23 мамыр 2024 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10349)

22 қазан 2024 ж.

№83 (10348)

19 қазан 2024 ж.

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 598

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031