» » «Денсаулық аралы» акциясы: МӘМС және аурулардың алдын алу

«Денсаулық аралы» акциясы: МӘМС және аурулардың алдын алу

«Aray city mall», «Ажар», «Жібек жолы» сауда орталықтарында «Денсаулық аралы» акциясы өтті. Ұйымдастырушы – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы.
Іс-шара барысында №3 қалалық емхананың мамандары тұрғындарға медициналық қызметтер көрсетіп, аурулардың ерте белгілерін және қауіп факторларын анықтауға бағытталған тексерулер жүргізді.
Тегін экспресс-скрининг кезінде дәрігерлер қан қысымын, бой мен  салмақты, қандағы қант пен холестерин деңгейін өлшеп, кеңес берді.
Көптеген қала тұрғындары өз денсаулығының жай-күйін біліп, аурулардың алдын алу жолдары туралы ақпарат алды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының мамандары сұрақтарға жауап беріп, сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар, жарналар мен аударымдарды қалай дұрыс төлеу керек, МӘМС мәселелері бойынша сұрақтар қайда жүгіну керектігін түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратылды.
Қор филиалының сарапшысы Әлия Убисултанованың айтуынша, МӘМС жүйесі аясында медициналық қызметтердің кең ауқымы қолжетімді. Сақтандырылған азаматтар үшін медициналық көмекті тең дәрежеде алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Медициналық сақтандыру қаражаты есебінен қымбат оталар жасалады. МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу - маңызды!
27 мамыр 2025 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930