» » ЕЛДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

ЕЛДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Туризм – адамның күнделікті жұмыстан бос уақытында саяхаттау және өз қалауынша көңіл көтеру мақсатында арнайы ұйымдастырылған демалыс. Қазіргі таңда туристік нарықтың негізін сандық жағынан, сапалық тұрғыдан да қызметкерлердің демалыс ақысы құрайды. Сонымен қатар, туризмнің әлемдік экономикадағы рөлі зор. Ол – елдің ақшалай түсімдерінің көзі әрі халықты жұмыспен қамтамасыз ету құралы. Сондайақ, туризм ЖІӨ-ге салымдарын кеңейтеді.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, туризм саласы – әлемдік экономиканың көшбасшысы және ең ауқымды салалардың бірі. Көптеген дамыған ел туризмді мемлекет дамуына ықпалы мол сала ретінде бағалайды. Мысалы, соңғы он жылдықта туризм Түркия экономикасында ерекше рөл атқарды. 2022 жылы Түркияның туризмнен түскен табысы рекордтық көрсеткішпен 46 миллиард доллардан асты.
Ал енді Қазақстандағы туризмнің жағдайына көшейік. Туризм туралы заң 1992 жылдың 3 шілдесінде қабылданды. Біздің елде туристік салада үлкен жетістікке жетуге мүмкіндік мол. Себебі елімізде табиғи ресурстар, тарихи ескерткіш пен сәулет өнері ескерткіштері көп. 1997- 2000 жылдар аралығында туризм саласында көптеген өзгерістер бола бастады. Сол жылдары Ұлы Жібек жолындағы тарихи мұралар мен мекендеріміз қалпына келтірілді. Елімізде көптеген қала мен өңірде туризм дами түсті. 2003 жылы Қазақстанда 713 туристік фирма болса, қазіргі таңда олардың саны едәуір артты. Дегенмен, еліміздегі туризмнің күрт құлдырау қаупі де бар. Себебі туристік нысандарға келушілердің көптігі табиғи мұрамыздың құндылығын жойып жіберуі мүмкін. Сонымен қатар, биыл демалыс орындарының бағасы да шарықтап кетті. Ұлттық статистика бюросының былтырғы дерегі бойынша, баға орта есеппен 19,8%-ға өскен. Алысқа бармайақ елордамыз Астанаға жақын орналасқан Бурабайда демалу үшін де біраз қаражат қажет. Орта есеппен, тамақ қоспағанда, адам басына жатын орын күніне 6-9 мың теңге тұрады. Ал ыңғайлы қонақүй бағасы 20-50 мың теңгеге дейін жетеді. Жолақысы, тамағы және өзге шығындарды қосқанда, 5 күндік демалысқа бір адамға 150-200 мың теңге керек. Мұндай демалысты қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Сондықтан көптеген отандасымыз шетелге шыққанды жөн көреді. Шетелде демалыс көбіне арзан әрі жайлы. Дегенмен, өз еліңнің қадірін шетелде жүргенде түсінесің.
Мәселен, Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 2025 жылғы gov.kz дерегі бойынша – 85 000 теңге. Мұндай жалақы алатын адамға демалу түгілі, күн көрудің өзі қиын. Егер демалыс орындарымыздың бағасы халыққа қолжетімді болса, бұл еліміздің экономикасына да оң әсерін тигізер еді. Өз еліміздің бай табиғаты мен кең даласында демалуға әрқайсымыз лайықтымыз. Әрбір адам еңбек демалысына шығып, жақсы тынығып, бойын сергітіп, жұмысқа ерекше серпінмен оралады. Қолда бар алтынның қадірін білейік. Өз елімізде демалғанға ештеңе жетпейді, егер қалтаңыз оны көтерсе, әрине.
Шұғыла ЕЛЕУСІЗОВА,
Қорқыт ата университетінің студенті
25 мамыр 2025 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031