» » АЛИМЕНТ АТА-АНАНЫҢ ОРНЫН АЛМАСТЫРМАЙДЫ

АЛИМЕНТ АТА-АНАНЫҢ ОРНЫН АЛМАСТЫРМАЙДЫ

Алимент төлемегені, сот шешімін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сай алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіпбағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы онша ауыр емес санаттағы қылмыс есебінде қарас тырылады және отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар қатарына жатады. Бұндайда еңбекке қабілетсіз ата-ана немесе балалар заң бойынша көмек көрсетуге міндетті тұлғалардың мате риалдық қолдауы мен көмегінсіз қала ды. Ал ата-ананың кәмелетке тол маған балаларды асырау үшін алимент төлеуден жалтаруы деп тек олардың алимент төлеуден бас тартуы ғана емес, олардың нақты табысын жасыруын, жұмыс орнын немесе тұрғылықты жерін ауыстыруын алимент төлеуден жалтаруы деп бағалауға болады. Бұл арадағы қылмыс субъектісі ата-аналар немесе асырап алушылар болады. Айта кету керек, 139-баппен қылмыстық жауапкершілікке тек соттың шешімін орындауға нақты мүмкіндігі бар адам ғана тартылады.
ҚР ҚК-нің 430-бабына сай, заңды күшіне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергі жасау бойынша қылмыстық жауапкер шілік көзделген. Алты айлық мерзім сот шешімі заңды күшіне енген уақыттан есептеледі. Сот шешімін орындамау борышкердің тарапынан сот шешімін орындауға әрекетсіздік танытуы, табы сын көрсетпеуі, жұмыс орны туралы мәліметті бермеуі немесе сот шешімін орындауға толық мүмкіндігі бола тұра, болмашы мөлшердегі ақшалай соманы төлеумен сот шешімін орындауды созбалаңға салуы қылмыс болып есеп теледі.
Қылмыс бар жерде жаза бар. Бүгінгі күні алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ана қаншама? Баланы асырауға төленген азғантай ғана алимент баланың толық қажеттілігінің орнын толық тырмайды. Бірақ оны көп әкелердің түсініп жатқаны шамалы. Баланы асы рауға, оны тәрбиелеуге әке де, ана да қатысуы керек. Кейбір әкелер алиментті баласын асырауға емес, бұрынғы әйеліне төлегендей болады. Бұл қате түсінік. Бала – болашақ. Ата-анамен баланы асы рауға көрсетілген материалдық көмек баланың психологиясының жақсы да мып қалыптасуының, денсаулығының кепілі.
Қ.ЕСХАНОВ,
аудандық соттың бас маманы-сот
отырысының хатшысы
27 сәуір 2025 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 796
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031