» » ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҒАСЫРДЫҢ БАТЫР АНАСЫ

ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҒАСЫРДЫҢ БАТЫР АНАСЫ


Бүгін білім бөліміне қарасты Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебінде киелі топырақтан түлеп ұшып, Сыр елінің мақтанышына айналған тұлға — «Өмірі өнеге ғасырдың Батыр анасы» тақырыбындағы Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана Жұмабекова Сәлима анамызға арналған салтанатты кеш болып өтті.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз керек. Бәсекеге қабілетті озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал» деп бастама көтере отырып, еңбек адамдарының мәртебесін, олардың қоғамдағы маңызын айқындаған болатын.

Осы ретте Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы аталмыш шараға арнайы барып, Батыр анаға арналған іс шараға қатысты.

Іс шара барысында ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ақын, зейнеткер анамыз Өндібаева Үрліхан, ардагер ұстаз, ақын Тасымова Зарипа Жаппарқызы өмірі өнеге болған ел анасы туралы естеліктермен бөлісті.

Сонымен қатар Сәлима Жұмабекова анамыздың ұрпағы ҚР белгілі шығыстанушысы, Қазақстан Қытайтанушының негізін қалаушылардың бірі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Дәулет Фатимабибі Ноғайқызы да арнайы келіп, «Өмірі өнеге ғасырдың Батыр анасы» тақырыбындағы Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана Жұмабекова Сәлима анамызға арналған салтанатты кештің қадірлі қонағы болып, өткізіліп отырған шараның жоғарғы деңгейде өткізілуіне атсалысқан сала басшыларына және мектеп ұжымына ұрпақтары атынан өз алғысын білдірді.

25 сәуір 2025 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031