» » «МОТОКӨЛІК» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЕСКЕРТЕДІ

«МОТОКӨЛІК» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЕСКЕРТЕДІ

Соңғы уақытта мотокөліктің қатысуымен орын алған жол апаты көбеюде. Екі дөңгелекті көлік құралын тізгіндегендер жол ережесін сақтамай, өзгенің өміріне қауіп төндіріп отыр. Биыл ҚР ІІМ осы жылды профилактика жылы деп белгілеп, қауіпсіздік іс-шарасын өткізуде. Осыған орай аудандық полиция бөлімі «Мотокөлік» жедел-профилактикалық ісшарасы аясында аудан аумағында тіркелмеген мотокөліктерге қатысты қарқынды тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара нәтижесінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сондай-ақ мотокөлік құралын басқару құқығы жоқ күйінде басқарған 13 азаматқа қатысты әкімшілік шара көріліп, мотокөліктер айып тұрағына қойылды. Оның ішінде мотокөлік құралын басқару құқығынан айырылған, яғни Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) талаптарын бұзған жүргізушінің мас күйінде қайта көлік құралын басқару дерегі анықталып, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалса, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының талаптарын бұзған яғни алкогольді масаң күйде 2 мотокөлік тізгіндеген азаматқа қатысты сот арқылы әкімшілік шара көрілді.
Аудандық полиция бөлімі аудан тұрғындарына өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, заң талаптарында белгіленген тәртіп бойынша өзіне тиесілі мотокөліктерді тіркеп, заңдастыруды ескертеді.
Мотокөліктерді тіркеу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жеке басты куәландыратын құжат, техникалық тіркеу куәлігі немесе мотокөліктің техникалық сипаттамалары көрсетілген мәліметтер ұсынылуы қажет. Сонымен қатар мемлекеттік тексеруден өткізіп, мемлекеттік белгі мен тіркеу туралы куәлікке мемлекеттік БАЖ салығын төлеу қажет.
«ҚТ» ақпарат
18 сәуір 2025 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930