» » 20 тәулікке қамаққа алынды

20 тәулікке қамаққа алынды


Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен азамат М.- ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, азамат М. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, 2021 жылғы 29 қаңтар күні сағат 19:08 шамасында М-32 «Шымкент-Самара» тас жолының Қармақшы ауданына қарасты 1645 шақырым тұсында өз басқаруындағы «Volkswagen Passat» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында азамат М. кінәсін толық мойындап, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра «Volkswagen Passat» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғанына шын жүректен өкінетінін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1194 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы жол жүрісі Қағидасының 2-бөлімі 4-тармағы 2-тармақшасына сәйкес масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Сот қаулысымен азамат М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 (жиырма) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
10 ақпан 2021 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930