» » Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға тиіс

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға тиіс

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі құқық бұзушылықтарға төзбеушілік болып табылады (Заңның 4-бабы 14-тармағы).
Осыған орай, талдау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) баптарына жүргізілді.
Талдау мемлекеттік қызметшілердің Кодекстің жеке бастың құқықтарына, қоғамдық тәртіпке, имандылыққа қол сұғатын және көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтарына, сондай-ақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты жүргізілді.
Талдау нәтижесімен, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпке, имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық аясында және көлік құралдарын масаң күйде басқару деректілері орын алғандығы белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 10-тармағында мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс делінген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 10-бабына сәйкес қызметтік әдепті сақтау мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері болып табылады.
Заңның 44-бабы 1-тармағына сәйкес қызметтік әдепті бұзуытәртіптік теріс қылық болып табылады.

Н.АЛИЕВ
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
Департаментінің бас маманы
21 ақпан 2025 ж. 124 1

Vernita от 22 ақпан 2025 11:34
Женский клуб Иркутска в телеграме - женское сообщество для вас! Обсуждаем, комментируем, делимся своими историями, обучающими материалами, хорошим настроением и новостями. Много полезного: психология, мастер-классы, вопросы, ответы и многое другое. Ждём наших любимых подписчиц в добром и светлом женском клубе. #Иркутск #ЖенскийклубИркутск #ЖенскийИркутск #смотретьженский #женскийинтернет #телеграм #телеграмм #telegram Присоединяйся, чтобы быть в курсе... Женские чаты в телеграмме | Иркутск Женские группы в других городах России:https://tenchat.ru/media/2748824-my-rastyom-i-rasshiryayem-granitsy

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 614
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930