» » Арал теңізінің жандануы – ел экономикасының дұрысталуы

Арал теңізінің жандануы – ел экономикасының дұрысталуы

Солтүстік Аралдың жанданып жатқаны өте жақсы жаңалық. Арал теңізінің қайта толуы – Қазақстан мен Орталық Азия үшін экологиялық және экономикалық маңызы зор оқиға. Мәселен, Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберіліпті.


Судың көптеп келуі тек теңіз көлемін арттырып қана қоймай, аймақтың климатына оң әсер етіп, тұрғындар үшін үлкен көмек. Өйткені, жергілікті халықтың балық шаруашылығы күнкөріс көзіне айналған.

Мәліметтерге қарап отырсам, бүгінде теңізде балықтың 22 түрлі кездеседі екен. Бұл дегеніміз, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарының көбеюіне мол мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде аймақ экономикасының жандануына ықпал етеді.

Аралда су көбейсе, көгалдандыру жұмыстарының да жанданатыны анық. Бұл бойынша біраз игі істер қолға алынып жатыр екен. Бұл, аймақтың климатын жақсартып, экожүйенің тұрақтануына көмектеседі.

Ерғали Әуелхан,
Қ.Тұрысов атындағы Геология
және мұнай-газ ісі институты директорының міндетін
уақытша атқарушы;
Қ.И.Сәтбаев атындағы
ҚазҰТЗУ-дың «Гидрогеология,
инженерлік және мұнай-газ
геологиясы» кафедрасының
меңгерушісі
10 ақпан 2025 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930