ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ – САПАЛЫ ЖҰМЫСТЫҢ КЕПІЛІ
Бейсенбіде Жосалы кентінің мәжіліс залында «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова ауданда болып, партия активімен кездесті.
Жиында аумақтық филиалдың, партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының, «Қараөзек» бастауыш партия ұйымының, сонымен қатар партия атынан сайланған Қуаңдария ауылдық округі әкімінің сайлауалды уәделеренің орындалуы бойынша өткен жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен қатар партия алдындағы міндеттер пысықталды.
«Amanat» партиясы аудандық филиалдың төрағасы Әділ Үсенұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарының есебі мен биылғы жылға арналған жұмыс жоспары туралы хабарлама жасады.
– Былтыр ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдық округіндегі жаңадан салынып жатқан спорт кешендерінің құрылысына партиялық бақылау бекеті құрылып, бірнеше рет партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бақылау жұмыстарын жүргізді. Партиялық бақылау комиссиясының зерделеу қызметінің арқасында оқушылардың сапалы білім мен денсаулығын қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарының асханалары мен олардың қауіпсіздігі, ерекше қажеттілігі бар адамдар қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандустарға, аудан орталығында баға тұрақтылығын сақтауға азық-түлік дүкендеріне, жанар-жағар май бекеттері және дәріханаларға, тағы басқа әлеуметтік маңызы бар нысандарға 10 рет партиялық мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды. Есепті мерзімде партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 391 өтініш тіркелсе, 206 өтініш бойынша оң шешім қабылданып, 185 мәселеге кеңес берілді, – деді ол.
Әрбір стратаны қамтитын партиялық жобалар да мақсатына сай жұмыс жасауда. Мәселен, өткен жылы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 723 азамат оқу курсынан өтсе, ауылдағы азаматтардың табысын арттыруға негізделген «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 83,1 млн теңгені құрайтын 12 жоба қаржыландырылған.
Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері сайлауалды бағдарлама индикаторларының орындалуына жүйелі бақылау жүргізіп, фракция отырыстарында көтерілген мәселелерге қатысты тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолдаған.
Партия негізі болып табылатын бастауыш ұйымдар аумақтағы қордаланған мәселелердің алдын алу мен партияның ел игілігіне бағытталған жұмыстарын жергілікті халыққа жеткізуде белсенді жұмыс жасап келеді.
Әрбір бағыт бойынша атқарылған жұмыстарды саралаған партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, партия активі алдына сайлауалды бағдарламалардың орындалуы, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру, партиялық жобаларды жүзеге асыру барысында сайлаушылармен жүйелі және тиімді жұмыс жүргізу, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, партия атынан ұсынылған ауыл әкімдерінің жауапкершілігін күшейтіп, сайлауалды уәделерінің орындалуын қадағалау сияқты бірқатар міндет қойды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ