Бір атаның балалары
Ерте, ерте, ертеде Әлем деген бір байдың бес баласы болыпты. Балаларына азан шақырып Адамгершілік, Тыныштық, Бақыт, Денсаулық, Нашақорлық деп есім қояды. Бай балаларына барынша бірдей тәрбие беріп, бар махаббатына бөлеп өсіреді.
Алайда, Әлем байдың бес ұлының мінезі мен болмысы бір-бірінен бөлек болып өседі. Үлкен ұлы Адамгершілік жан-жағына мейірім шашып, жаратылыс біткенге құрметпен қарап, қамқорлық танытады. Соңынан ерген бауырларына әрқашан қолдаушы бола біледі. Екінші ұлы Тыныштық көп нәрсемен ісі жоқ, тек бейбітшілікпен сыйластықты ойлайтын. Ашуланғанды сабырға шақырып, көркем мінездің үлгісін көрсететін. Ал, үшінші баласы Бақыт үлкен ағалары Адамгершілік пен Тыныштықтың соңынан еріп, қонаққа барғанды жақсы көретін. Оның қонаққа келуін айналадағы жаратылыс біткен асыға күтетін. Балаларының арасындағы ең момыны, тез өкпелегіші, әлсізі Денсаулық ағаларының қамқорлығымен ер жетеді. Оның момындығы соншалық, кенже інісі Нашақорлықтың өзі әлімжеттік жасайтын.
Байдың кенжесі өте ерке, сотқар мінезді қыңыр болады. Кішкентайынан әкесі Әлем мен анасы Дүниенің ерекше еркелетіп үміт артқан сүт кенжесі еді. Бар назарды өзіне аударып өскен. Нашақорлық ағаларына деген елдің махаббатын көріп, өсе келе қызғанышы арта береді. Осылайша ер жеткен бес ұл ел шаруаларына араласар жасқа жетеді. Ұлдарына сенген Әлем көп нәрсеге араласпайтын.
Үлкен ұлдары сапарлап кеткен кезде кенже інісі ел ішіне сөзін жүргізе бастайды. Сотқарлығымен ел арасына іріткі салып соңынан әскер жинай бастайды. Оның соңынан ерген жаратылыстар үшін бұзақылықты шімірікпей жасап, азғындала бастайды. Жақындарының надандықтан құрбан болып жатқанын көрген халық уайымға салынады. Баласына тосқауыл болуын сұрап әкесі Әлемнің есігінен адам қарасы үзілмейді. Інісін тоқтау айтып Денсаулық Нашақорлықтың үйіне барады. Ағасының ақылына шамданып, артынан ерген халықты көре алмай қызғанышпен келді деген арам оймен оны тыңдамайды. Соңынан ерген бұзақылардың бір тобы денсаулықты соққыға жығып шығарып салады.
Інісінің әрекетіне күйінген әкесі әлемнің жағдайын уайымдап, әрі ауыр соққының әсерінен Денсаулық төсек тартып жатып қалады. Елдегі мәселе ушығып көрші ауылдарға тарап әңгіме ағаларының құлағына жетеді. Алыс сапардағы ағалары естіген бойда елге оралады. Болған жағдайды бауырымен әкесінің өз аузынан естіп Бақытпен Тыныштық елден көшетінін, бауыры жөнделмей оралмайтынын айтады. Әрқашан ақылымен, терең ойланып дұрыс шешім қабылдай білетін Адамгершілік мәселені шешуге бауыры нашақорлыққа барады.
Бауыры Адамгершілікті тыңдағысы келмеген сәтте халық сақшылары келіп тосқауыл болады. Нашақорлықтың соңынан ерген халық екіге бөлінеді. Көбі Адамгершіліктің айтуы жөн деп соның соңынан ереді. Осы сәтте інісімен қоштасуға Тыныштық пен Бақыт келеді. Қалған халық оларды қимай Нашақорлықты жалғыз қалдырып солардың соңынан ереді.
Халық сақшылары Нашақорлықтың отауын елден бөлектеп, қайтып жақындамауын қадағалайды. Жағдайдың реттелгені Денсаулыққа жақсы әсер етіп, жақындарының қамқорлығымен аяққа тұрады. Кенже баласына жүректері елжіреп Әлем баласын қайта елге көшіргісі келеді. Алайда өз қатесін әлі түсінбеген Нашақорлыққа сақшылар елге кіруіне рұқсат бермейді. Әлеммен Дүние осы жағдайдың бәрінен «Бір атадан алада, құлада туады» деген ойды түйеді.
Кеншилик Арайлым,
№273 орта мектеп
7 «Ә» сынып оқушысы