» » Неге көлікті 5 минуттан да көп қыздырғанымыз үшін айыппұл төлеуіміз керек? Сенат депутаты жауап берді

Неге көлікті 5 минуттан да көп қыздырғанымыз үшін айыппұл төлеуіміз керек? Сенат депутаты жауап берді

Сенатор Марат Қожаев қыста автокөліктің қозғалтқышын ұзақ қыздырып тұрғандарға айыппұл салуға қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлады  SMARTNEWS.KZ
Депутат көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу нормасы біраздан бері бар екенін еске салды.
– Бұл талап экологиялық нормаларды орындауға бағытталған. Бізде ауа қатты ластанған, яғни бұл жағдай ірі қалаларда ерекше байқалып отыр. Жүргізушілерді осы бап бойынша жауапқа тарту үшін нақты дәлелдер болуы керек. Осы орайда бейнежазба мен нақты уақытын тіркеу қажет.
Егер осындай дәлелдер болса, бұл адамдар әкімшілік жазаға тартылады. Мұндай нормалар дамыған елдерде де бар, – деді М. Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, осы норма аясында айыппұл 5 АЕК сомасында қарастырылған. Ал осы талапты қайтадан бұзғандарға 10 АЕК айыппұл салынады.
12 қаңтар 2025 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 517

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930