СҮБЕЛІ СҰХБАТ, САЛМАҚТЫ КӨЗҚАРАС
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіндегі сұхбатында ел игілігі үшін жасалған игі істер және болашақта жасалатын нақты қадамдар туралы айтылды. Соңғы жылдары ел басынан өткен апаттар мен қиыншылықтарға тоқталды. Соның бәрін қалпына келтіру үшін үкімет тарапынан жасалған нақты шараларды атады.
Қазақстанда соңғы бес жылда іске асырылған ауқымды саяси реформалар азаматтардың қажеттіліктері мен елдің ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарына негізделген мемлекет құрудың дәйекті және жүйелі тәсілін көрсетеді. Бұл қазіргі саяси жағдайға уақытша бейімделу емес, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстанның қарқынды демократиялық дамуына бағытталған терең ойластырылған стратегиялық жұмыс.
Осындай ауқымды реформаларды жүргізу, оның ішінде 2022 жылғы жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша Конституцияның үшінші бөлігін түбегейлі жаңарту мемлекет пен қоғам арасындағы ашық және шынайы диалогтың айқын да сенімді үлгісіне айналды. Бұл маңызды бастамалар негізгі саяси институттардың рөлі мен ықпалын айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттырды және азаматтардың мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауға кеңінен және белсенді қатысуы үшін нақты жағдайлар жасады. Билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін дәйекті түрде нығайту азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтады және әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің тиімді тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар уақытша, ситуациялық процесс емес, елдің ұзақ мерзімді тұрақты даму стратегиясының ажырамас бөлігі екенін нақты көрсетті. Оларды дәйекті түрде іске асыру қоғамның нақты, өзекті қажеттіліктеріне ұдайы бақылау және жедел ден қою қағидатына негізделген. Бұл тәсіл жүргізіліп жатқан реформалардың жоғары маңыздылығын сақтауға және олардың азаматтар тарапынан кең қолдауына кепілдік береді.
Қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді ашық әрі сындарлы талқылаудың негізгі алаңына айналған Ұлттық Құрылтайдың қызметі ерекше аталады. Бұл жай ғана формальді институт емес, қазақстандықтардың өмірін шын мәнінде жақсартуға бағытталған нақты шешімдер әзірленетін тікелей кері байланыс үшін жұмыс істейтін тиімді құрал.
Қазақстанда жүргізілген саяси реформаларға икемділікті, қарқындылықты және өзгерістерге дайындықты айқын көрсетеді. Президент еліміздің тұрақты және үдемелі дамуы мемлекеттік басқару жүйесін ұдайы жаңартуды, жетілдіруді және өзгермелі шындыққа бейімдеуді қажет ететінін атады. Бұл реформаларды Қазақстанның ұзақ мерзімді өркендеуі мен тұрақтылығының берік іргетасына айналдыратынына ерекше тоқталды.
Президент елді алаңдатып отырған мәселе бойынша қойылған сұрақтарға нақты, сенімді жауаптар берді. Әділетті Қазақстан құрудағы ашық позициялары, өзекті мәселелерді шешу жолындағы аргументті пікірлері арқылы жарқын болашаққа сенім ұялатты. Ел басқарудағы негізгі реформалардың жасалып біткендігі, оның ел талқылауында болып, көпшіліктен қолдау тапқанын тілге тиек етті. Сұхбаттағы ашықтық пен анықтылық көптің көкейіндегі сұрақтарға толық жауап бола алатыны сөзсіз. Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болатынына сенім мол.
Айдынбек СКЕНДІРОВ,
К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйі
директорының орынбасары